Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік азамат көлік аламын деп ақшасынан айырылды

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шымкент қаласының тұрғыны көлік аламын деп ақшасынан айырылды. Ол қымбат көлікті арзан бағаға сатып алмақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 қарашада Абай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арыз берген.

"Шымкент қаласының тұрғыны "Kolesa.kz" сайты арқылы "Chevrolet Cruze" маркалы автокөлікті 1 млн теңгеге сатып алмақшы болған. Алайда өзін "Дмитрий" деп таныстырған азамат алдын ала төлем ретінде 300 мың теңге сұраған. Арызданушы оның Kaspi Gold картасына ақшаны аударып жіберген. Содан кейін көлік иесі ұялы телефонының қоңырауына жауап бермей, WhatsApp желісін бұғаттап тастаған", – делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде Түркістан облысының 40 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазіргі таңда аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуға шақырады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940351-symkenttik-azamat-kolik-alamyn-dep-aqsasynan-aiyryldy/

pixel