Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дене қызуы төмендеп кетеді: Коронавирустың симптомдық белгілері қауіпті бола бастады

Опубликовано:

ауруханада
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

COVID-19 вирусының симптомдық белгілері қауіпті бола бастады. Бұл туралы вирусологтар мәлімдеп отыр. Ал ауру ағымының күрт нашарлауына "дельта" штамы себеп болуда. Коронавирустың қандай белгілері арқылы науқастың жағдайының нашарлап бара жатқанын білуге болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соңғы уақытта мутацияға ұшыраған вирустар көбейіп барады. Ең қорқыныштысы, олар өзгеріп қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіріп жатыр дейді дәрігерлер. 

Әсіресе, "дельта" штамын жұқтырғандарда ауру ауыр түрде өтеді. Инкубациялық кезең қысқарып, бірден пневмонияға асқынады екен. Ең қауіптісі, вирус жұқтырған науқаста дене қызуы түсіп кетеді. Себебі, инфекция қанға тарағанда ағза онымен күреседі, сәйкесінше, дене қызуы көтерілуі қажет. Ал дене температурасының 36 градустан төмен түсіп кетуі – ағзаның вируспен күресуге қауқары жетпейтінін білдіреді. Өкінішке қарай, көпшілік дәл осы симптомға мән бере бермейді. Ауруханада мамандар дене қызуы жоқ болса, үйге қайтарып жатады. Ал мұның арты өлімге әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті дәрігерлер, бұл белгі байқалған науқастарға ерекше күтім мен ем қолдану қажет екенін айтады.

"Дельта" штамының ең бір ерекшелігі – температураның, қан қысымының төмендеп кетуі, сондай-ақ буындар мен сүйектердің сырқырап ауруы жиі кездесіп жатыр. Соған мән беру керек. Егер буындар ауырып, жүре алмай қалып жатса, тез дәрігердің көмегіне жүгінген дұрыс. Сол үшін электрондық емес термометрлерді қолданбай, сынапты градусникпен дене қызуын күніне 3-4 рет өлшеп тұруға кеңес беремін", – деді Алматы қалалық жекеменшік емхананың бас дәрігері Ботагөз Жампозова.     

Джонс Хопкинс Университетінің мәлімдеуінше, бүгінде жалпы әлемде 5 миллионнан аса адам COVID-19 індетінің құрбаны болған. Аталған тізімге тек ауруханада қайтыс болғандар енгізіліпті. Ал үйде көз жұмғандар саны қаншама?! Сондықтан әр ел вируспен барынша күресуде. Мәселен, эпидахуалы күрт нашарлаған Польша мемлекетінде денсаулық сақтау министрлігі көпшілікке үндеу жасау мақсатында ауқымды шара ұйымдастырған. Ол үшін зират басына егу пункттерін құрып, халықты вакциналауда. Жергілікті халық бұл идеяны құптап отыр.  

"Мен өзім екпе алғанмын. Бірақ бұл – өте жақсы идея. Себебі біз зират басына келіп, пандемия, өмір мен өлім туралы ойланамыз. Кейін көбі вакцина алуға бел буады", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940355-dene-qyzuy-tomendep-ketedi-koronavirustyn-simptomdyq-belgileri-qauipti-bola-bastady/

pixel