RU

Ішкі істер министрі полицейлер қашан жаңа форма ауыстыратынын айтты

Ерлан Тұрғымбаев
Фото: ult.kz

Ішкі істер министрі мәжіліс кулуарында полицейлер қашан жаңа форма ауыстыратынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлан Тұрғымбаев полицияның жаңа формасы биыл күзде бекітілгенін еске салды.

"Жаңа форманы таныстырдық. Форманы "Еңбек" РМК, яғни бас бостандығынан айыру орындарындағы бірлестіктер тігетін болады. Бұл, ең алдымен, сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, екіншіден, өзіндік құнын төмендету үшін жасалады.

Олардың бір күнде тігілмейтіні түсінікті, сондықтан біз конкурстық құжаттамаға, мемлекеттік сатып алуларға сәйкес форма тігіліп, 2022 жылдың бірінші қаңтарына дайын болады деп болжаймыз. Көптеген өңірлерде жаңа жылдан бастап күннен патрульдік қызметкерлер жаңа формамен жұмысқа кіріседі", - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, министр жаңа формамен бірінші кезекте патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940357-iski-ister-ministri-policeiler-qasan-zana-forma-auystyratynyn-aitty/