Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылда интернет жоқ, қайдағы электронды құжат": Нығматулин министрге ұрысты

Опубликовано:

Нұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин. Фото: ult.kz

Мәжілістің отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев "Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді" таныстырды. Оған сәйкес кәсіпкерлер енді өз есептерін тек электронды түрде тапсыруы қажет, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Заң жобасын талқылау барысында парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин еліміздің кейбір елді мекендерінде интернет нашар екенін айтып, құжаттарды қағаз күйінде тапсыруды қалдыру керек екенін жеткізді.

"Біріншіден, барлық жерде интернет бірдей емес. Қазір ауылдарда, тіпті кейбір орталықтарда интернет сапасы нашар. Екіншіден, барлық кәсіпкер құжаттарды электронды түрде өткізуге дайын емес шығар. Мысалы бір ауылдағы дүкенді алайық, ол жерде бір-ақ адам жұмыс істейді. Яғни дүкеннің иесі де, сатушысы да, есепшісі де сол кісі. Ал егер оның планшеті, компьютері болмаса, онда ол цифрлы құжаттармен қалай жұмыс істеп, есеп тапсырады? Бұдан бөлек, мына ұсынылып отырған заң бойынша, бизнес иесі есепті уақытылы тапсырмаса, жауапкершілікке тартылады екен", — деді мәжілістің төрағасы.

Оның сөзінше, қазіргі заңға сәйкес шағын бизнестің өкілі барлық есеп пен құжатты реттеуші мемлекеттік органға екі нұсқада, яғни қағаз және электронды түрде тапсыра алады. Сол себепті осы норманы қалдыру қажет.

"Өзгерістерді 2023 жылғы 1 қаңтарда енгізбекшісіздер екен. Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі ауылдар интернетке 2025 жылы қосылады дейді. Не істеп жатсыздар? Мына өзгерістер қабылданса, есеп тапсыру быт-шыт болады", — деді мәжіліс спикері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940367-auylda-internet-zoq-qaidagy-elektrondy-quzat-nygmatulin-ministrge-urysty/

pixel