RU

Тұрғымбаев "Astana LRT" ісі бойынша тың деректерді бөлісті

Тұрғымбаев қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжілістің отырысында Astana LRT ісі бойынша бірқатар деректерді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлан Тұрғымбаев бұл қылмыстық істі ішкі істер министрлігі тергеп жатпағанын жеткізді.

"Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды және Біз іздестіру іс-шараларын, оның ішінде халықаралық деңгейде де жүргізіп жатырмыз", - деді ведомство басшысы.

Жалпы, шетелде іздестірудің шекарасы жоқ.

Еліміздің бас полицейінің сөзінше, белгілі бір нюанстар бар.

"Адам шетелде болған жағдайда іздеу тәртібі біздегідей өрбімейді. Жедел қызметкер ол жаққа шыға алмайды және онда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізе алмайды", - деп түсіндірді министр.

Министрдің түсіндіруінше, қылмыскер жасырынған елмен тиісті халықаралық келісім бар ма, жоқ па, ол да әсер етеді. Қылмыскерді ұстап беру үшін сол елдің құқық қорғау органының келісімі де талап етіледі.

"Бұл мәселелердің барлығын Бас прокуратура шешеді", - деп сөзін түйіндеді Тұрғымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940418-turgymbaev-astana-lrt-isi-boiynsa-tyn-derekterdi-bolisti/