RU

Бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген қостанайлық 11 жылға сотталады

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша, Қостанай қаласының азаматы бұрынғы әйелін қасақана өлтіргені үшін айыпты деп танылды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

"2021 жылдың 16 маусымында Қостанайда автобус аялдамасының жанында бұрынғы әйелімен ұрыс кезінде сотталушы әйелдің кеуде тұсына, іші мен арқасына көптеген пышақ жарақатын салған. Әйел алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында ер адам өзінің іш қуысына бір рет пышақ салған, - деп түсіндіріп өтті соттан. 

Сотталушының қастықпен адам өлтірудегі кінәсі жәбірленушілер, оқиға куәгерлерінің түсінігі, іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындыларымен дәлелденді. 

"Осылайша, қылмыстық заңның тікелей талабын орындау, сонымен қатар істің нақты мән-жайларын есепке алған сот айыпталушыны Қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесіне 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жәбірленушілердің пайдасына келтірілген моральдық шығын өтемақысы ретінде 10 миллион теңге көлемінде ақша төлетілді", - делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940428-buryngy-aielin-pysaqtap-oltirgen-qostanailyq-11-zylga-sottalady/