RU

Соңғы деректер: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта

Фото
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

4 қарашадағы жағдай бойынша, Костанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Актөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1396 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Алматы қаласынан.

Оылайша ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 944 501-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940457-songy-derekter-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/