RU

Асқар Мамин вакцинациялау қарқынына көңілі толмайтынын мәлімдеді

Вакцина салдыру сәті
Көрнекі фото: Emanuele Perrone/Getty Images

Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда вакцинациялау қарқыны бұрынғысынша сақталып отырғанын айтты. Оның сөзінше, бұл мәселеде "артта қалып тұрған" бірнеше өңір бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Премьер-министр әкімдерге апта соңына дейін екпеге қатысты "жағдайды жақсартуды" тапсырды.

"Эпидемиологиялық жағдайдың жақсару тенденциясы жалғасуда, барлық өңірлерде вирусты жұқтыру көрсеткішінің төмендеуі байқалып отыр.(...).

Қазіргі кезде елімізде вакциналау қарқыны айтарлықтай жақсарған жоқ. 8,3 миллионнан астам адам бірінші компонентті, 7,5 миллионнан астам адам екінші компонентті алған.

Вакцинациялау қарқыны бойынша елорда, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары артта қалуда.

Әкімдер апта соңына дейін жағдайды жақсарту керек.

Сонымен қатар, әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігі қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолжетімділігіне тексеру жүргізіп, нормаларды қамтамасыз етсін", - деді Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940486-asqar-mamin-vakcinaciyalau-qarqynyna-konili-tolmaitynyn-malimdedi/