Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық кішкентай ару "Әлем супермоделі-2021" атанды

Опубликовано:

модель
Фото: Ақ Жайық

Атырау облысының Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының сегіз жасар тұрғыны Мариям Ишанғалиева Сочиде өткен "Супермодель-2021" дүниежүзілік жас модельдер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Басылым дерегінше, халықаралық конкурсқа әлемнің 25 елінен кішкентай арулар қатысқан.

Жас арулар байқауында визит картасы, сән көрсетілімі және шығармашылық бойынша үш тур болды.

Кішкентай "мисстің" анасы сән сайысында Мәриям сахнаға ұлттық киіммен шыққанда, Құрманғазы Сағырбайұлының "Адай" күйі ойнап тұрғанын жеткізді.

Қазылар алқасының пікірінше, қазақстандық қыз жеңіске лайық болған.

Айта кетейік, Мариям Ишанғалиева Сәбит Мұқанов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы.

Ол сұлулық байқауларына бірінші рет қатысып отырған жоқ. Кішкентай арудың басқа да титулдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940498-atyraulyq-kiskentai-aru-alem-supermodeli-2021-atandy/

pixel