Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миллиондап қарызға кірген ШҚО тұрғыны үш жыл бойы Алматыда жасырынып жүрген

Опубликовано:

Әйел
Көрнекі фото: Getty Images

Қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан 61 жастағы қарызын өтемеген азаматты іздеуде деп жариялау туралы қаулы келіп түсті. Әйелдің үш жыл бойы Алматыда жасырынып жүргені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО ПД-ға сілтеме жасап.

61 жастағы әйел 2 миллион теңге қарызын қайтармаған. Берешегін берудің орнына тұрғын үш жылдан астам Алматы қаласында жасырынып жүрген. Екі ай бойы іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде әйелдің қайда екені анықталды.

"Қарызды өндірумен енді сот орындаушылар айналысатын болады", – деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Полицейлер көші-қон қызметі қызметкерлері жыл басынан бері өтелмеген қарызы үшін сот орындаушыларынан жасырынып жүрген 160-тан астам азаматты анықтағанын атап өтті. Сонымен қатар, бұл әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікті қарастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940517-sqo-turgyny-milliondap-qaryz-bolyp-us-zyl-boiy-almatyda-zasyrynyp-zurgen/

pixel