RU

Өскеменде басы жарылған ер адамның мүрдесі табылды

Мәйіт
Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Өскеменде басы жарылған ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды КТК.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйіт кеше қаладағы шаштараздың бірінің маңынан табылған.

"102" жедел арнасына хабарласқан қала тұрғыны басы жарылған ер адамның мүрдесі жатқанын жеткізді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келіп жетті. Көп ұзамай марқұмның кім екені белгілі болды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

52 жастағы азаматтың қатты соққыдан көз жұмғаны анықталды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940534-oskemende-basy-zarylgan-er-adamnyn-murdesi-tabyldy/