RU

Дана Нұржігіт патриоттық тәрбие туралы заң жобасын әзірлеуді ұсынды

Дана Нұржігіт
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Сенат депутаты Дана Нұржігіт жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне алаңдаушылық білдірді. Ол премьер-министрдің атына жолданған депутаттық сауалында жағдайды жақсартуға ықпал ететін бірқатар қадамдар ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі күні Қорғаныс министрлігіне әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмыстарды жүргізу заңнамамен бекітіліп берілді. Ол патриоттық тәрбие – бұл баршаға ортақ іс екеніне тоқтала келіп, барлық мемлекеттік органдар осы жұмысқа жұмылуы тиіс екенін атап өтті.

Сенатор осы мақсатта жеке заң жобасын әзірлеуді және үйлестіру органын белгілеу қажеттігін айтты.

"Бүгінде патриоттық тәрбие беру жүйесінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесі, рөлі, орны, мақсаты және патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жүргізетін үйлестіруші органның құрылуы заңнамалық тұрғыда айқындалмаған. Әрбір мемлекеттік органның, ведомстваның, ұйымның қызметтерінің бір тармағы патриоттық тәрбиеге бағытталуы тиіс екені көрсетілмеген. Бұл мәселенің заң бойынша реттелмеуі қоғамдық ұйымдардың, патриоттық клубтардың материалды- техникалық базасына да әсер етіп отыр", - деді Дана Нұржігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940537-dana-nurzigit-patriottyq-tarbie-turaly-zan-zobasyn-azirleudi-usyndy/