Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кальмар ойынындағы" сынаққа еліткен балалар ауруханаға түсіп жатыр

Опубликовано:

Кальмар ойыны
Скриншот: YouTube/Grand Play

Британиялық дәрігерлер елде балаларды күйік шалу жағдайлары жиілегенін айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Би-би-си.

Netflix -тің оңтүстіккореялық "Кальмар ойыны" сериалы әлеуметтік желіде түрлі челленджердің туындауына себепкер болды.

Бүгінде желі қолданушылары сериалда көрсетілген сынақтарды қайталап көруде. Олардың бірі, "қанттан бәліш жасау" тапсырмасы қазір TikTok желісінде трендте тұр.

Платформадан қолданушылардың бәліш пісіріп, артынша оны инемен бөлген 10 мыңдаған видеосын көруге болады. Алайда, қант бәліштерін пісіру балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Өйткені, ерітілген қантты қайнату температурасы өте жоғары.

Бирмингем балалар ауруханасының дәрігерлері аталған челленджге еліткен жастардың денсаулығына қауіп төнетінін айтады. Олар қолы күйген балалардың суретіне назар аударып, кейін күйік орнында тыртық қалуы мүмкін деп алаңдап отыр.

"Біз қатты күйік шалған, соның салдарынан терісі ауыр жарақат алған балаларды көріп, алаңдап отырмыз. Себебі, балалар әлеуметтік желідегі үрдіс салдарынан күйіп жатыр",- дейді пластикалық хирург Оливер Сойер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940555-kalmar-oiynyndagy-cellendzge-elitken-balalar-auruxanaga-tusip-zatyr/

pixel