RU

"Анасы ұлын 16 рет пышақтаған": Дәрігерлер баланың қазіргі жағдайы туралы айтты

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында анасы ұлын пышақтады деген күдікке ілінді. Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал өңірлік денсаулық сақтау басқармасы 10 жастағы баланың қазіргі халі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство дерегінше, 3 қараша күні сағат 14:58- де Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне 2010 жылы туған бала ауыр халде жеткізілген. Оның мойны мен кеуде тұсында көптеген пышақ жарақаты болған.

"Бала шұғыл түрде операциялық блокқа көтерілді. Оның арқасы, мойны мен сол білегі кесілген. 1-2 -дәрежелі травматикалық шок, 1-2 дәрежелі геморрагиялық шок алған. Бүгінде бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр", - деп хабарлады Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Өтеген батыр ауылында анасы 10 жастағы ұлын өлтірмек болғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бала 16 пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Жедел жәрдемді жеткіншектің атасы шақырғаны белгілі болды.Келіншек бірнеше күн бойы үйде жасырынып, өзін TikTok кейіпкерлері өлтіргісі келетінін айтып жүрген екен. Қазір әйелді мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызу мәселесі қарастырылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940564-anasy-ulyn-16-ret-pysaqtagan-darigerler-balanyn-qazirgi-zagdaiy-turaly-aitty/