Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңа ипотека бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан жиында даму әлеуеті төмен моноқалалардан көшіп келушілерге жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter парақшасында хабарлады.

"Отбасы банкі" жүйесінде мұндай азаматтар үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы мөлшерлемесі 2-ден 5 пайызға дейін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама қарастырылуы керек", - дейді президент.

Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, бұл бастаманы жан-жақты пысықтауды тапсырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халықты қайта вакциналауға қатысты үкімет пен әкімдерге тапсырма берген еді.

Мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес екенін атап өтті. Күніне коронавирустан 30 адамға дейін қайтыс болуда.

"Мұның бәрі вакциналау қарқынының төмендеуіне байланысты болып отыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайызды құрады... Елдердің басым көпшілігі тұрғындарды ревакцинациялауға кірісті. Біз вакцинация науқанын наурыз айында бастағанымызды ескере отырып, бізге де ревакцинация жасайтын уақыт келді. Үкімет пен әкімдер тұрғындарды ревакцинациялау науқанына кірісуі тиіс", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940574-toqaev-zana-ipoteka-bagdarlamasyn-asudy-tapsyrdy/

pixel