Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бұрынғы әріптесін ұрып-соғып, зорлаған азамат алты жылға сотталды

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: Sochinews.io

Алматыда танысын зорлаған ер адам алты жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының мәліметінше, Жаңа жыл қарсаңында сотталушы алдап бұрын бірге жұмыс істеген танысын келіссөзге шақырған.

Ол бұрынғы әріптесіне жаңажылдық мерекелік кеш ұйымдастырамыз деп сылтауратқан.

Осылайша, алдын ала жалға берілетін пәтер алып, онда жәбірленушіні ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

"Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеу амалдарының нәтижесінде азаматтың кінәсі толық дәлелденді", – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Медеу аудандық сотының үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940623-almatyda-buryngy-ariptesin-uryp-sogyp-zorlagan-azamat-alty-zylga-sottaldy/

pixel