RU

Байзақтағы жарылыстан зардап шеккен өрт сөндірушінің туыстары көмек сұрауға мәжбүр

Жарылыстан жараланған өрт сөндіруші
Жарылыстан жараланған өрт сөндіруші: Instagram

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жарылыстан зардап шеккен өрт сөндірушінің көзіне ота жасау қажет. Жанарына зақым келген ТЖД қызметкерінің туыстары қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Біршама уақыт бұрын отандық журналист Ирина Советжанқызы Тараз маңындағы жарылыстан аман қалған Алмаз есімді өрт сөндірушіден сұхбат алған еді. Ауруханада жатып, оқиғаның мән-жайын баяндаған ТЖД қызметкері көзіне зақым келгенін де айтқан болатын.

Қазір Алмаз Стамбул клиникасында көзіне ота жасатуға әзірленіп жатыр. Оның көз жанарын сақтап қалу үшін жақындары қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр болып отыр.

Бейбіт күнде жарақат алған жауынгердің туыстарының өтінішін тағы да Ирина Советжанқызы жеткізді. Ол халықты отаны үшін отқа түскен азаматтың отасына қаражат жинауға шақырды.

Ал көпшілік әскери қоймада болған жарылыстан зардап шеккендерге үкіметтің неге көмектеспейтінін түсінбей әлек болып отыр. Олар қорғаныс министрлігі жарақат алған қызметкерлердің денсаулығына назар аударуы қажет деп санайды.

"Неге халық? Қорғаныс министрі қайда?", "Үкіметтің қандай екені осындайда білінеді", "Үкімет неге отасына көмектеспейді?", "Үкімет қайда қарап отыр, керек қаражатты беру керек", - деп жазды желі қолданушылары.

Алмазға көмектескісі келетін жандар үшін оның реквизиті:

Kaspi Gold: 4400 4301 2878 0019 және нөмірі 8747 434 45 97 (Алмаз Т)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940631-ukimet-qaida-baizaqtagy-zarylystan-zardap-sekken-ort-sondirusinin-tuystary-komek-suraidy/