Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда үй ауласынан мина табылды

Опубликовано:

Мина
Көрнекі фото: saperka.ru

Орал қаласында жеке үйдің ауласынан мина табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жайт 3 қараша күні сағат 16.30-да Сарайшық көшесіндегі 92/1-мекенжайында тіркелген.

Осында тұратын 35 жастағы ер адам жер қазу жұмыстары кезінде минаға ұқсас зат тапқан.

Мамандардың пайымдауынша, бас жарылғышы жоқ, танкіге қарсы қолданылатын мина азамат соғысы кезінен қалған.

Полиция департаментінің саперлары минаны қауіпсіз жерге, полигонға шығарып, сағат 18.12-де жойған. Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында 1 маусымда қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан бұрынғы әскери нүктенің аумағынан учаскелік инспектор төрт әскери мина тауып алған еді.

Тексеру барысында мамандар екі минадан жарылғыш зат табылып, оларды сол жерде залалсыздандырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1940632-oralda-ui-aulasynan-mina-tabyldy/

pixel