Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Жігіт пен қыз жолдан өтуде
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамынша, 5-6 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

5 қарашада Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

5 қарашада Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл сақталады. Сондай-ақ, солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың орталығында және оңтүстігінде күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

5-6 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, таулы аудандарда 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте де шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Күндіз 5 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады деп күтілуде, екпіні 15 м/с дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940637-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel