Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола тұрғыны жанармай құю бекетіндегі мүліктерді балтамен сындырып тастады

Опубликовано:

Жанармай бекеті
Фото: polisia.kz

Ақмола тұрғыны жанармай құю бекетіндегі мүліктерді балтамен сындырып тастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

3 қарашада Целиноград ауданының полиция бөліміне ЖШС директорынан телефон хабарламасы түскен.

Ол полицейлерге шамамен түнгі сағат 00.30-да алкогольдік масаң күйде болған белгісіз ер адам балтамен автожол бойында орналасқан жанармай құю бекетіндегі терезені, жиһазды және компьютерді сындырғанын айтқан.

Тез арада келген учаскелік полиция инспекторлары Серік Бухаев пен Мейрам Қожанов күдіктіні оқиға орнында ұстады.

Ол жақын маңдағы ауылдың 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы 1-бөлігіне (Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1940660-aqmola-turgyny-zanarmai-quyu-beketindegi-mulikterdi-baltamen-syndyryp-tastady/

pixel