Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрдан-құр ұрып соқты": Өзін полицейлер соққыға жыққанын айтқан алматылық жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Фото
Жәбірленуші. Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Алматылық ер адам өзін полиция қызметкерлері аяусыз соққыға жыққанын айтып, шағымданды. Оның сөзінше, тәртіп сақшылары бірнеше рет қоқан-лоқы жасаған. Бұл ақпаратты Медеу ауданында телефон сататын жігіттер де растап отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

26 жастағы алматылық жігіт полицейлердің кесірінен есту қабілеті нашарлағанын айтады.   Құлағынан зақым алып, бас миы шайқалған.

 "Дос балам полиция бөліміне түсіп қалады. Оған шай тамақ апаруға барған кезде Медеу аудандық "оперлар" милиция қызметкерлері мені сыртқа шығарып құрдан-құр ұрып соқты. Машинаға отырғызып ішінде мені тағы ұрды. Ешқандай себепсіз. Бірақ өздері шімдік ішіп алған", - деді ол.

Жәбірленушінің өзі Медеу ауданындағы сауда орталығында жұмыс істейтінін жеткізді. Айтуынша, полиция қызметкерлері бопсалаған. Тауарларының заңсыз екенін айтып, тәркілеуге әкеткен.

"Бізге үнемі келеді. Ақша сұрайды. Көп нәрсені тегін алып кетеді", - дейді ол.

Телеарна дерегінше, тәртіп сақшыларының бопсалуынан шаршадық дегендер көп болып шыққан. Негізінен телефон саудасымен айналысатындар. Олар тапқандарын полиция қызметкерлеріне беретіндерін айтып, шағымданған.  

Ал полицейлерден таяқ жедім деген алматылық жігіттің қалалық полиция департаментіне де арыз жазғаны белгілі болды. Сол арыздың негізінде 3 тәртіп сақшысының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі таңда өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу амалдарын жүргізу үстінде", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қылмыстық іс аясында сот медициналық сараптама тағайындалған. Бірақ заңға қайшы әрекетке барды деген сақшылар жұмысын жалғастырып жүр.

Жәбірленуші құқық қорғау қызметкерлерін жұмыстан шеттетіп, әділ жазалауды сұрайды.  

Автор: Ә. Лесбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1940671-ozin-policeiler-ayausyz-sabaganyn-aitqan-almatylyq-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel