Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында полиция қызметкері өзі тұратын үйдің шатырын мұражайға айналдырған (видео)

Опубликовано:

ФОТО
Видеодан кадр: Астана теларнасы

Түркістан облысында полиция қызметкері үйінің шатырын мұражайға айналдырған. Шағын ғана аумақтан кеңес заманында қолданылған дүниелердің түр-түрін табуға болады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Сайрам ауданының тұрғыны Сухраб Ирназаровтың үйінде ескі монеталардан бастап тұрмыстық бұйымдардың сан алуан түрлері бар. Мыңға жуық тиындар мен байырғы телефондар, тігін машиналары да кездеседі.

Көне фотоаппараттар, қол сағаттар,  радио, аудио және видеомагнитафондардың да түрі көп.

42 жастағы полицей көне бұйымдарды жинауды әуес қылғанына жеті жылдай болғанын айтады. Көрші-қолаңдары да тәртіп сақшысының бұл хоббиінен хабарсыз екен.  

"Басында негізі фотоаппараттан бастағанмын. Сол үшін ең көбі-фотоаппарат, шамамен 250-ден артық тұр. Одан кейін радиоға өттім. Әрі қарай бір затты алып, екінші зат қосылып, үлкен бір осындай коллекция болып отыр", - дейді Сухраб Ирназаров.

Көне заттарды жинаушы полицей ескі дүниелерді кей кезде қоқыстардан да алып жататынын жасырмады.

Ал таныстарында сирек заттар барын естісе бірден сатып алады екен.

Бала күнінен көне заттарға қатты қызығатынын айтқан Сухраб алдағы уақытта коллекциясын құжаттандырып, ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Автор: А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940676-turkistan-oblysynda-policiya-qyzmetkeri-ozi-turatyn-uidin-satyryn-murazaiga-ainaldyrgan-video/

pixel