RU

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1421 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысынан, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 104
  • Алматы қаласы - 198
  • Шымкент қаласы - 23
  • Ақмола облысы - 109
  • Ақтөбе облысы - 48
  • Алматы облысы - 130
  • Атырау облысы - 22
  • Шығыс Қазақстан облысы - 88
  • Жамбыл облысы - 21
  • Батыс Қазақстан облысы - 47
  • Қарағанды облысы - 134
  • Қостанай облысы - 137
  • Қызылорда облысы - 19
  • Маңғыстау облысы - 4
  • Павлодар облысы - 143
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 163

Түркістан облысы - 31.

Осылайша ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 945 922-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2 113 адам дерттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 42 630 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 7 648 пациент стационарда, 34 982 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

538 адамның жағдайы ауыр, 155 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940677-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/