RU

Қазақстанда Pfizer вакцинасы ең әуелі қай жастағы балаларға салынатыны белгілі болды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында елімізде балаларды вакциналауға қатысты методикалық ұсынымдар пайда болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құжатта бастапқы кезеңде коронавирусқа қарсы профилактикалық егуді 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерден бастау қажеттігі айтылған.

"Келесі кезеңдерде (вакцина салдыруға ниетті 16 мен 18 жас аралағындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцина салып болғаннан кейін) 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдерге рет-ретімен вакцина салынады", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, құжатта мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқитын жасөспірімдерге вакцина оқу орнында салынуы мүмкін екені айтылған.

Одан бөлек, аяғы ауыр әйелдер жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында, ал бала емізетін аналар босанған соң 42 күннен кейін коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады.

Айта кетейік, елімізге Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізіледі деп күтілуде. Осыған дейін жарияланған келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес 2 млн адамға шамамен 4 миллион вакцина жеткізілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940708-qazaqstanda-pfizer-vakcinasy-en-aueli-qai-zastagy-balalarga-salynatyny-belgili-boldy/