Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да босану кезінде сәби көз жұмды

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында босану процесі кезінде нәресте көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желідегі жазбада дәрігер болмағандықтан баланың өлімі неден болғаны белгісіз екені жазылған. Сондай-ақ, сараптама жасалғанша сәбидің денесі мәйітханада екі күн жатқаны айтылған.

Бұл фактіге қатысты пікір білдірген Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Шемонаиха аудандық полиция бөлімі аудандық аурухана қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Қылмыстық іс кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау салдарынан абайсызда бала өліміне әкеп соққан факті бойынша қозғалған.

"Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге арналған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, ауруханаға жоспардан тыс тексеру тағайындалған. Тергеу мүддесіне сәйкес полиция департаменті басқа мәлімет жарияланбайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1940727-sygys-qazaqstan-oblysynda-bosanu-kezinde-sabi-koz-zumdy/

pixel