Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шенеунік 20 млн теңгеге жуық пара алды деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында шенеунік 20 млн теңгеге жуық пара алды деген күдікке ілінді. Ол 1 қарашада ұсталып, екі айға қамауға алынған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан қаласы тергеу сотының санкциясына сілтеме жасап.

Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісінен өтініш түскен.

Өтініш ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ербол Төлебековке қарсы түскен.

Айыптау қорытындысында лауазымды тұлға өзінің қызметтік міндеттерін бұза отырып, қарамағындағылардан жалпы қамқорлық көмек көрсеткені үшін 19 115 625 теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған деп күдікке ілінгені айтылған.

1 қарашада Төлебеков пара алды деген күдікпен ұсталды.

Келесі күні күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық деп қайта сараланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940735-turkistan-oblysynda-seneunik-20-mln-tengege-zuyq-para-aldy-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel