Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық келіншек құрбысының кеңесімен баласын 60 мың теңгеге сатып жіберді

Опубликовано:

Ана
Фото: otyrar.kz

Қазақстандық келіншек осыдан алты жыл бұрын құрбысының кеңесіне сүйеніп, баласын 60 мың теңгеге сатып жіберген. Қазір ол Шымкенттегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Бауыр еті - баласын саудаға салған әйел өз тағдырын баяндап берді деп хабарлайды Otyrar.kz.

Дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелген келіншек оны заңсыз түрде басқа жанұяға табыстап, 60 мың теңге алған. Көп ұзамай өз баласын сауда құралына айналдырған әйел ұсталып, жазаға тартылды.

Қазір бала жетімдер үйінде, ал анасы 167/10 ең төменгі қауіпсіздік колониясында жатыр. Өткен күнін еске алған ол көз жасын тоқтата алмады. Келіншек жүктілікті жоспарлаған да жоқ едім, дейді.

"Жігітім мен жүкті етіп тастап кетті. Баланы қалай өсірерімді білмедім. Құрбымнан кеңес сұрап едім, ол басқа жанұяға беруімді ұсынды. Аата-ана да тауып қойды. Ал мен босанған соң баламды сол кісілерге бердім. Ешқандай наразылығым жоқ екенін айтып, қолхат жаздым. Содан соң 60 мың теңге көлемінде көмек сұрадым. Себебі, менің қарыздарым болды, кепілде тұрған жеке куәлігімді қайтаруым қажет еді", - дейді келіншек.

Сотталушы баласын сатқысы келмегенін, ақша қажет болған соң осындай қадамға барғанын айтады. Ол баласын саудалаған соң полицияға өзі жүгінген. Ал құқыққорғаушылар кері қайтарға жол жоқ екенін түсіндірген. Содан соң сот болып, келіншек жеті жылға абақтыға жабылған.

"Қатты өкінемін. Бәріңізге айтарым, балаларыңызды өздеріңіз өсіріңіздер, одан артық ештеңе жоқ",- дейді ол.

ИЧ 167/10 мекемесінің бастығы Данияр Баятановтың сөзінше, колонияда тұтқындар тек жазасын өтеп қана қоймай, бостандыққа шыққаннан кейінгі жаңа өмірге дайындалады. Олар үшін арнайы психологтар мен басқа мамандар жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940776-qazaqstandyq-kelinsek-qurbysynyn-kenesimen-balasyn-60-myn-tengege-satyp-ziberdi/

pixel