Тоқаев Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді
Опубликовано:

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшының төрағалығымен кезекті Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекеттік орган басшылары президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады.
Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940801-toqaev-strategiyalyq-komandalyq-stabtyq-askeri-oqu-zattygu-ziynyn-otkizdi/