Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда келіншек кафеге келген мейманның жағын сындырды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда келіншек кафеге келген мейманның жағын сындырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 мамыр күні Қарағанды полициясының орталық бөліміне қаланың 32 жастағы тұрғыны арызданған. Ол кешке жергілікті кафелердің біріне барғанын айтқан.

Айтуынша, мейманханада ол белгісіз бір келіншекпен жанжалдасып қалған. Нәтижесінде кафе қонағы зардап шеккен азаматшаны ұрып, ізін суытқан.

Жағы сынған келіншек медициналық мекемеге жүгінуге мәжбүр болған, алайда ауруханаға жатпаған.

28 қазан күні жедел-іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері 28 жастағы келіншекті қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындады.

Полиция Қылмыстық кодекстің 293- бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940826-qaragandyda-kelinsek-kafege-kelgen-meimannyn-zagyn-syndyrdy/

pixel