Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 адамның айлығын алған: Аягөзде сарбаздар атынан несие рәсімдеген командир сотталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Семей гарнизоны әскери сотында Аягөздегі бөлімнің рота командиріне қатысты сот ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының мәліметіне сүйенсек, айыпталушы ұзақ уақыт бойы өз лауазымын асыра пайдаланып, сарбаздардың атына несие алып келген.

"Тергеу барысында анықталғандай, рота командирі Kaspi bank мобильді қосымшасы және шағын несие ұйымдары арқылы әскерге шақырылғандарға екі миллион теңгеден астам сомаға алты несие ресімдеткен.

Бұдан бөлек, ол 17 сарбаздың банк карталарын тартып алып, бірнеше рет жалақыларын шешіп алды. Офицер сол ақшаның барлығын букмекерлік кеңседе бәс тігіп, ұтылып қалған", - делінген ақпаратта.

Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен айыпталушы үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940835-17-adamnyn-ailygyn-algan-ayagozde-sarbazdar-atynan-nesie-rasimdegen-komandir-sottaldy/

pixel