Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда кафеде үш жігіт 18 жастағы даяшыны ұрып кетті (видео)

Опубликовано:

Төбелес
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_tdk

Талдықорғанда үш ер адам кафеде даяшыны ұрып кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде даяшыны ұрып-соққандардың видеосы пайда болды. Атап айтқанда, бейнежазба Instagram желісіндегі kris_p_tdk парақшасында жарияланған.

Кадрлардан үш ер адамның жас жігітті соққыға жыққанын көруге болады. Видео жазбасында зардап шегуші күдіктілер демалған ғимаратта даяшы болып жұмыс істейтіні айтылған.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 5 қараша күні түнде болған.

"Мас күйде болған адамдар Талдықорғандағы "Мирас" кафесінің алдында физикалық күш қолдана отырып, 18 жастағы азаматқа дене жарақаттарын салды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды", - деп хабарлады полиция департаментінен.

Полицейлердің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында үш жігіттің бірі кафеде ішімдік ішіп отырған кезде даяшымен сөзге келіп қалғанын анықтаған. Осылайша, екі жігіт арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласқан.

"Қазіргі уақытта полиция 20-25 жастағы үш күдіктіні анықтап, олар ішкі істер департаментіне жеткізілді, тергеу жүріп жатыр", - деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940867-taldyqorganda-kafede-us-zigit-18-zastagy-dayasyny-uryp-ketti-video/

pixel