Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі блогер ай сайын табысының 30 пайызын тойға жұмсайтын ел тұрғындарына ой салды

Опубликовано:

ақша банкнота
Көрнекі фото: NUR.KZ

Желіде белсенді қолданушы Сәбит Рысбаев елімізде тойға реформа жасау керегін айтты. Ол табысының бір бөлігін тойға жұмсайтын жерлестеріне кеңес беріп, ақшаны орнымен жұмсау туралы ой салды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәбит Рысбаев Шымкент тұрғындарының айына кемінде 2-3 рет тойға баратынын атап өтті. Ол жерлесін табысын орынды жұмсауға шақырып, өмір-салтын өзгертуге үндеген.

"Бір Шымкенттік бауырыммен сөйлесіп қалдым. "Айына 2-3 рет тойға барасың ба?", десем - иә, - дейді. "Әр тойға неше апарасың?", десем алыстығы мен жақындығына қарай әрқалай дейді. "Табысыңның 20-30%-дайы тойға кететін шығар?", десем - иә, - дейді.

Шымкентте айлық аз, орташа 150 000 теңге шығар. "Соның 20-30 мыңы тойға кетсе не болады? десем - "Көрмейсің бе, шымкенттіктердің табысы аз болса да, тойға көп барады. Табыстары берекелі ғой", - дейді.

Білмеймін, еттің бағасы астанадан қымбат, азық-түлік бірдей. Сен тойға барады екен деп, нан 50 теңге болып қалмайды. Бірақ сенің балаң ағылшын тілін оқиын десе, оған мүмкіндік бермейсің, плэй стэйшн алғысы келсе ала алмайсың, бассейнге бара алмайсың, шетелге шыға алмайсың. Себебі сәл-пәл артылған ақшаң мен бала шағаңның аузынан жырып айына той тойлауға бара бересің", дедім. Анау ойланып қалды. Негізі оңтүстікте көбіміз осылай өмір сүретін сияқтымызү Тойға реформа керек", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын қазақшаға судай вайнер Алексей Лодочниковтың да шымкенттіктердің той тойлауы жайында әзілі елді күлкіге қарық қылған. Ол Шымкентте тойханалардың өте көп екенін әзіл-шыны аралас жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940870-belgili-bloger-ai-saiyn-tabysynyn-30-paiyzyn-toiga-zumsaityn-el-turgyndaryna-oi-saldy/

pixel