Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: Қанша адам зардап шеккені белгілі болды

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ

Алматыда автобус пен троллейбустың соқтығысуына қатысты қаланың полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жол апатынан жеті адам зардап шеккен деп хабарлайды Zakon.kz.

"2021 жылдың 6 қарашасында сағат 12:36-даYuotong маркалы автобусты басқарған жүргізуші А. Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Абылай хан даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне өтіп кеткен. Салдарынан Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп бара жатқан жүргізуші С. басқарған Yuong man троллейбусымен соқтығысқан", - деп хабарлады ведомстводан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан троллейбустың 1962, 1974 және 1996 жылы туған үш жолаушысы зардап шеккен. Сондай-ақ, автобустың 1977, 1997 жылы туған жолаушылары жарақат алған.

Одан бөлек, екі жүргізуші де зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

"Материал Алмалы ауданы полиция басқармасының тергеуінде", - деді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940901-almatyda-avtobus-pen-trolleibus-soqtygysty-qansa-adam-zardap-sekkeni-belgili-boldy/

pixel