Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Тұман11
Тұманды Алматы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7 қараша еліміздің бірнеше өңірінде дауылды екерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

7 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

7 қараша Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

7 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

7 қарашада күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады.

7 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының тау бөктерлі және оңтүстік аудандарында тұман күтіледі.

Шымкент қаласында 7 қарашада түнде және таңертең кей уақытты тұман күтіледі.

7 қарашада Қостанай облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20, күндіз кей уақыттарда облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940904-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel