Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада сауда ойын-сауық орталықтарына "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады

Опубликовано:

Сауда ойын-сауық орталығы
Көрнекі фото: Getty Images

Елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген. Сауда ойын-сауық орталықтары адамдар көп жиналатын және ұзақ уақыт болатын орын екенін ескере отырып, корнавирустық инфекцияның таралу қаупі артады.

"Сонымен қатар, көрші Ресейдегі және еліміздің солтүстік аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 вирусының одан әрі таралуының алдын алу үшін ойын-сауық орталықтарына бару шарттарын өзгерту бөлігінде шектеу іс-шараларын күшейту туралы мәселе қаралуда", – делінген ведомство хабарламасында.

Осы жылдың 8 қарашасынан бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен асырмай және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін жұмыс күндері және демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарына кіру қолжетімді болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева Алматыда Ashyq қосымшасында "көк" мәртебесі бар адамдар сауда орталықтарына кіре алмауы мүмкін екенін, қазіргі уақытта дәл осындай ұсыныс талқыланып жатқаны туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940917-elordada-sauda-oiyn-sauyq-ortalyqtaryna-zasyl-martebesi-bar-azamattar-gana-kire-alady/

pixel