RU

Брейкингтен әлем чемпионатында қазақстандық жеңімпаз атанды

Әмір Закиров
Әмір Закиров: instagram.com/redbullbcone

B-Boy Amir лақап атымен танымал қазақстандық Әмір Закиров Red Bull BC One брейкинг бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы жарысты ұйымдастырушылардың ресми парақшасында хабарланды.

Кеше Польшада ең ірі және ең беделді брейкинг жарысының финалы өтті. Тарихта алғаш рет турнирдің жеңімпазы қазақстандық – B-Boy Amir (Әмір Закиров) атанды.

Әр елден келген 16 қатысушы ең мықты брейкер атағын сарапқа салды. Финалда отандасымыз канадалық B-Boy Phil Wizard-пен кездесті.

"Мен өз бойымда үлкен күш барын сезінемін және оны әлемдік финал сахнасында көрсете алғаныма өте қуаныштымын. Ең қиыны – командамның, достарымның, отбасымның үмітін ақтау болса керек. Бұл бір жағынан үлкен демеу болса, екінші жағынан барлық достарың мен жақындарың саған жанкүйер болуы үлкен жауапкершілік артады.

Мен көп дайындаламын, әдетте менің жаттығуларым 10 раундтан тұрады. Жарысқа дайындалу стратегиям бар: қатысушыларды, олардың стилін зерттеймін.

Көрерменнің жалықпас үшін және тамашалау қызықты болуы үшін мен әрқашан қозғалыстардың күрделілігін, тығыздығын және өзіндік ерекшелігіне аса мән беремін. Мен әр қимылымды таңғалдырарлықтай етіп ойластыруға тырысамын, ал жалпы өнерім халықты таңдай қақтыртып, баурап алғанын қалаймын", – деп өз әсерімен бөлісті Әмір.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940924-breikingten-alem-cempionatynda-qazaqstandyq-zenimpaz-atandy/