Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абайдағы кеншілердің өліміне қатысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ түсініктеме берді

Опубликовано:

Шахта
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алты кенші қаза тапқан төтенше жағдайдан кейін Абай кенішіндегі қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін мемлекеттік комиссия құрылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мемлекеттік комиссия құрылды. Алдын ала мәлімет бойынша 6 адам қаза тапты, 2 адам ауыр халде жатыр. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", – деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді.

Оқиға орнында қалған сегіз қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі зардап шекті (ақпарат анықталуда). Қазіргі уақытта оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс процесі тоқтатылды.

ТЖ-ны жоюға "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Оған қоса, оқиғаға Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі", – деп жазды аймақ әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940932-abaidagy-kensilerdin-olimine-qatysty-arselormittal-temirtau-aq-tusinikteme-berdi/

pixel