RU

Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің есімдері белгілі болды

шахта1
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Абай қаласындағы шахтада желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алды. Қаза тапқан кеншілердің есімін төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

  • Скитченко Николай Николаевич, тау-кен шебері, 1968 жылы туған.
  • Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 жылы дүниеге келген, үйленген.
  • Шмидт Виталий Владиславович, 1-ші ұңғыма жұмыстарының қызметкері, 1979 жылы дүниеге келген, үйленген.
  • Краус Сергей Юрьевич, үңгуші, 1983 жылы дүниеге келген, үйленген.
  • Супрунов Алексей Алексеевич, бастықтың көмекшісі, 1987 жылы дүниеге келген, үйленген.
  • Абдуллин Наиль Рамильевич, үңгуші, 1990 жылы дүниеге келген, үйленген.

Зардап шеккен тағы екі азамат шахталық газдан уланып, жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, шахтада барлығы 64 жұмысшы болған. 56 адам бірден қауіпсіз жерге шығып үлгерген.

Премьер-министр Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия аттанған.

Оған қоса, оқиғаға Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі", – деп жазды аймақ әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940944-qaragandy-oblysynda-qaza-tapqan-kensilerdin-esimderi-belgili-boldy/