Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Абай шахтасында метан газының шығуы салдарынан қаза тапқан кеншілердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Сондай-ақ, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.

Министр Юрий Ильин бастаған төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді.

Оқиға орнында қалған сегіз қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі зардап шекті. Қазіргі уақытта оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс процесі тоқтатылды.

Сонымен қатар, қаза тапқан кеншілердің есімін төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1940946-memleket-bassysy-qaragandy-oblysynda-qaza-bolgan-kensilerdin-otbasylaryna-konil-aitty/

pixel