RU

Абай шахтасындағы метанның шығуынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Жедел жәрдем
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысындағы Абай шахтасында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен екі шахтердің жағдайы белгілі болды. Қатты уланған екі азамат жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқарамасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Екі шахтер де Х. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жатыр. Мәлімет бойынша, жарақат алған ер адамдар 61 және 58 жаста.

"7 қараша күні 1960 және 1963 жылы туған екі шахта жұмысшысы түсті. Екеуі де шахта газымен, атап айтар болсақ, метан және иіс газынан уланған. Диагнозы – токсиндік-гипоксиялық энцефалопатия. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр", - делінген Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметінде.

Еске сала кетейік, 7 қараша күні сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді.

Төтенше жағдайдан алты адам қаза тапты. Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқандардың есімін жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940949-abai-saxtasyndagy-metannyn-syguynan-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-aityldy/