Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз бен тәжік шекарасынан тағы да тыныштық кетті

Опубликовано:

Шекара
Көрнекі фото: Peter Kovalev\TASS via Getty Images

Қырғызстанның Баткен облысында тәжік әскері қырғыз шекарашысына шабуыл жасады: олар оның көлігіне тас лақтырып, ұстауға тырысты. Бұл жөнінде Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шекара қызметі мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz.

Ведомство мәліметіне қарағанда, қырғыз шекарашысы Лейлек ауданының Арка-Борбордук транзит трассасында жеке көлігімен келе жатқан. Жанар-жағармай станциясына жақын маңнан бұрылған кезде тәжік сарбаздары күш көрсеткен.

"Тәжікстанның бес әскери қызметкері қырғыз азаматының көлігіне тас лақтырды. Одан бөлек, Қырғызстан әскери қызметкерін ұстауға әрекеттенді, бірақ онысынан түк шықпады", – делінген ведомство хабарламасында.

Тәжікстан жағы әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді. Қырғызстан және Тәжікстан шекара қызметінің өкілдері аталған оқиғаны талқылайды деп хабарланды.

Жалпы ұзындығы 970-980 шақырым қырғыз-тәжік шекарасының бүгінде тек 519 шақырымы ғана демаркацияланған. Екі ел арасында жерге, суға талас жиі байқалады. Кей уақытта қару қолданылып, адам өліміне дейін ұласады.

Биыл сәуір айының соңында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қантөгістен кейін екі мемлекеттің топография топтары бірнеше рет кездесіп, хаттамаға қол қойған. Әзірге Бішкек пен Душанбе құжаттарды жариялаған жоқ. Алайда шілде айында кейінгі үш кездесу нәтижесінде екі тарап шекараның 40 шақырымы бойынша келісімге келгені хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940956-qyrgyz-ben-tazik-sekarasynan-tagy-da-tynystyq-ketti/

pixel