Тұман мен қатты желге байланысты елдің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Опубликовано:

Бүгін, 8 қарашада тұман мен қатты желге байланысты Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Тиісті хабарламаны "Қазгидромет" РМК ресми сайты жариялады.
8 қарашада Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде және орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ал Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғад, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ал Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
8 қарашада түнде Түркістан облысының оңтүстік және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940993-tumen-men-qatty-zelge-bailanysty-eldin-bes-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/