Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Pfizer компаниясының директоры ұсталғаны рас па

Опубликовано:

Альберт Бурла
Альберт Бурла. Фото: John Thys/Pool/AFP/Getty Images

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде Pfizer компаниясының директоры тұтқындалғаны туралы хабарлама таратып жатыр. Оған алаяқтық жасады және фармацевтикалық компаниялардың акциясын қасақана құлдыратты деген айып тағылған-мыс. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Альберт Бурланың тұтқындалуы туралы жаңалық алдымен ConservativeBeaver.com порталында шықты. Бұл портал қастандық теориялары мен фейк жаңалықтар жариялайды. Мысалы, ол болмаған ұшақ апаты немесе адам өлтіргені және балалар порнографиясын таратқаны үшін актер Алек Болдуинді қамауға алғаны туралы жаңалықтар таратқан.

Pfizer компаниясының бас директоры қамауға алынды деген ақпарат таратылған күні, 5 қарашада, ол бірнеше рет көпшілік алдына шыққан. Мысалы, CNN және CNBC телеарналарының эфирінде сөз сөйлеген. Ол COVID-19-ға қарсы жаңа тәжірибелік дәрі туралы да айтқан.

Сондай-ақ, Альберт Бурла қамауға алынды деген күні Twitter-де белсенділік танытып, компания әзірлеп жатқан вирусқа қарсы препарат туралы егжей-тегжейлі жазған. Бірде-бір ресми БАҚ Pfizer компаниясының бас директорын қамауға алу туралы хабарлаған жоқ.

Сонымен қатар, Альберт Бурла алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені жайлы сенімді дереккөздер жазбаған. Snopes және Techarp басылымдары да оны қамауға алу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940996-pfizer-kompaniyasynyn-direktory-ustalgany-ras-pa/

pixel