RU

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 2021 жылғы 8 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 409 883 адам салдырды.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында хабарланды.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 7 674 577 адамды құрайды.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1031 дерегі тіркелді. Осылайша, ел бойынша ауырғандар саны 949 630-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941007-qazaqstanda-qansa-adam-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrdy/