Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы жарылыс болған жерде таңда түсірілген кадрлар жарияланды

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev

Танымал блогер Азамат Сәрсенбаев Ақтауда кеше жарылыс болған жерден таңғы уақытта түсірілген суреттер мен видеоларды бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дәл қазіргі сәт. Ақтау коммуналдық қызметтері жарылыс ошағына дейінгі аумақты қоқыстан тазартуға кірісті, оқиға орнына жақын баруға әзірге рұқсат жоқ", – деп жазды блогер Facebook парақшасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 7 қараша күні кешке "Аянат" дәмханасында жарылыс болып, салдарынан мекеменің астаң-кестеңі шығып, толығымен қираған.

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev

Кейінірек ақпарат түзетілді. Құтқарушылар төтенше жағдай "Шерқала" кешенінде болғанын, оның ішінде мейрамхана, сауна, техникалық қызмет көрсету станциясы, қоймалар, арнайы киімдер мен автокөлік бөлшектерін сататын дүкендер бар екенін түсіндірді.

Алдын ала мәлімет бойынша, опырылған жер 200 шаршы метрді құраған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Видео: Азамат Сәрсенбаев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941018-aqtaudagy-zarylys-bolgan-zerde-tanda-tusirilgen-kadrlar-zariyalandy/

pixel