Мәжілістегі үкімет сағаты кеншілерді еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды
Опубликовано:

Мәжіліс депутаттары ІІМ реформалау жөніндегі үкімет сағатын бір минут үнсіздікпен бастады. Олар осылайша Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілерді еске алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мәжілістің вице-спикері Балайым Кеңесбаева күні кеше "Абай" шахтасында бірнеше адам қаза тапқанын еске салды.
"Бұл жағдай біз үшін өте қайғылы жағдай. Сондықтан, марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айта отырып, оларды еске алу үшін бір минит үнсіздік жариялаймыз",- деді ол.
Еске сала кетейік, күні кеше сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді.
Оқиға орнында қалған сегіз қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі зардап шеккен. Өндіріс процесі тоқтатылды.
Қаза тапқан кеншілердің есімін төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жария етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941039-mazilistegi-ukimet-sagaty-kensilerdi-eske-alu-usin-bir-minut-unsizdikpen-bastaldy/