Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Буындырып, артынша өртеген": Алматы орталығында әйелді асқан жауыздықпен өлтіріп кетті

Опубликовано:

Қылмыс орны74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы полициясы қала орталығындағы "Латифа" тұрғын үй кешенінде әйелді өлтіру ісін тергеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты ақпарат Instagram желісіндегі zhaloby.almaty парақшасында пайда болды.

"Алматыда Достық 138 мекенжайындағы "Латифа" тұрғын үй кешенінде әйелді алдымен буындырып өлтіріп, артынша өртеп жіберген. Мұны жасыруға болмайды. Біз учаскелік полицейлерге тәулігіне жалға берілетін үйлердегі жезөкшелер ордасы нағыз тозақ екенін айтатынбыз. Бірақ тұрғындардың арызына ешкім құлақ түрмейді",- дейді жазба авторы.

Алайда полицейлер марқұмның жеңіл жүрісті әйел болғанын жоққа шығарды.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99- бабы 2- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді және Медеу аудандық ПБ өндірісінде жатыр. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Күдіктінің тұлғасы анықталды. Оны ұстауға бағытталған шаралар өткізіліп жатыр", - деді полицияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1941045-buyndyryp-artynsa-ortegen-almaty-ortalygynda-aieldi-asqan-zauyzdyqpen-oltirip-ketti/

pixel