Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде полицейлердің жалақысы қанша теңгеге өседі: Тұрғымбаев жауап берді

Опубликовано:

Тәртіп
Көрнекі фото: Polisia.kz

Еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбав мәжілістегі үкімет сағатында полиция қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі қалай жетілдіріліп жатқаны туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлан Тұрғымбаев қызметкерлердің жалақысы өте төмен екенін атап өтті.

"Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан 2023 жылға дейін қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен 50 пайыздан 90 пайызға дейін көтереміз. Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мың теңгеден 101 мың теңгеге, лейтенантың жалақысы 130 мың теңгеден 174 мың теңгеге дейін өседі", - деді министр.

Сонымен бірге, Тұрғымбаев жыл басынан бері учаскелік полиция көмекшілерінің жалақысы 30 пайызға артқанын мәлімдеді.

Одан бөлек, келер жылдан бастап учаскелік полицейлердің жалақысы 30 пайызға, көмекшілерінің жалақысы 7 пайызға өседі.

Сондай-ақ, министр 2019 жылдың шілдесінен бастап уческелік инспекторларға пәтер ақысы төленіп жатққанын айтты. Ал биыл 1 қаңтардан бастап олардың көмекшілеріне де пәтер ақысы төленуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941049-elimizde-policeilerdin-zalaqysy-qansa-tengege-osedi-turgymbaev-zauap-berdi/

pixel