Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы жарылыс: Ғимарат иесі сұхбат берді (видео)

Опубликовано:

Ақтау
Оқиға орнынан фото: Маңғыстау облысының баспасыз қызметі

Ақтаудағы жарылыс болған кешеннің иесі алғаш рет оқиға туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық әкімдіктің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Абай Әміреевтің сөзінше, жарылыс кезінде ғимаратта ешкім болмаған.

"Жарылыс кезінде кешенде адам қалмады. Мен 19:30-дерде бала-шағамды алып, шығып кеткенмін. Өзім жауып, құлыптап кеттім. Арғы жағында тағы ас үй бар. Олардың жағдайын білмеймін. Екінші қабатта тігін цехы бар. Оларға да мен жауап бере алмаймын. Кім болғанын білмеймін", - дейді кешен басшысы.

Әкімдіктің дерегінше, "WhatsApp" мессенджерінде Ақтауда 7 қараша күні шамамен сағат 21.18-де Ақтау қаласында орын алған жарылыс нәтижесінде 14 адам қаза тауып, 25 адам жансақтау бөліміне түсті деген жазба тараған.

Ал Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Жәнібек Әжмұхановтың мәліметінше, 7 қараша сағат 23.45-гі жағдай бойынша облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жарылысқа қатысты қоңырау тіркелген жоқ.

"Сондай-ақ жансақтау бөліміне жарылыстан зардап шеккен науқастар түскен жоқ. Қазір оқиға орнында 4 бригада жұмыс істеп жатыр", - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұханов.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оқиға орнында болып, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Қазіргі уақытта облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941054-aqtaudagy-zarylys-gimarat-iesi-suxbat-berdi-video/

pixel