Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде педофилдерді электрондық білезіктердің көмегімен бақылайтын болады

Опубликовано:

ер адам11
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжілістегі үкімет сағатында педофилдер электрондық білезіктің көмегімен бақыланатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан педофилдердің бәрі мерзімін өтеген соң арнайы профилактикалық есепке қойылады. Ең алдымен оларға электрондық білезіктер қолданылады...

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрондық білезіктер шектеу шараларын бұзған адамдарға, бірінші кезекте қадағалаудағы педофилдерге қолданылады деп күтілуде", - деп хабарлады Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ ол елде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың көбею себебін түсіндірді.

"Осындай қылмыстардың өсуіне келетін болсақ, бұл объективті себеп: біздің пандемия жағдайында тұрып жатқанымызға бір жарым жыл болды. Бір жарым жылдан бері балалар мектептерде оқымай, жабық жерде үйде отырды.

Қылмыстардың 60 пайызы отбасылық-тұрмыстық жағдайда жасалған. Зорлаушылардың 20 пайызы - әкелер, өгей әкелер, сондай-ақ, аналарының азаматтық некедегі күйеулері.

Қалған 50 пайызы жәбірленушілердің жақын туыстары болып келеді. Бұл қоғамның проблемасы. Бұл отбасындағы адамгершілік қасиеттің төмендігі, бұл қоршаған ортаның адамгершілік қасиетінің төмендігі, сонымен қатар үйдегі тәрбиенің әлсіздігі", - деді Тұрғымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941071-elimizde-pedofilderdi-elektrondyq-bilezikterdin-komegimen-baqylaityn-bolady/

pixel